Кореяның Қазақстандағы елшісі Семей қаласында жаңа "СемАЗ" қазақстан-корей зауытының ашылуына қатыспақ

Кеше елші Семей қаласына келіп қала әкімі Мейрамхат Айнабековпен кездесті. Ол қонаққа Семей қаласының және жалпы аймақтың ерекшелігі жайлы әңгімелеп берді.

Әкім қаланың ыңғайлы географиялық орналасуын айта келе, қазіргі кезде Семейде көлік тасымалының барлық түрлері жанданып келе жатқандығын, бұл алыс-жақын шетелдермен, соның ішінде Корея елімен де ынтымақтастықты бұдан әрі дамытуға жаңа мүмкіншіліктер ашатындығы жөнінде өз пікірін білдірді. «Бұған дәлел - 27 қыркүйекте ашылуы жоспарланып отырған «СемАЗ» ЖШС. Біз мұндай жобаларды тек қолдайтын боламыз және өз тарапымыздан кез келген қандай да бір көмек қолын созатын боламыз», - деді М. Айнабеков.

Өз кезегінде Ким Иль Су жаңа зауыттың конвейерінен шыққан алғашқы автобус Семей қаласына сыйға берілетіндігін хабарлады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті