"Көріксіз қыздарға үйленеді": Алматыдағы шулы дәріске қатысты түсініктеме

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Дәріс өткен мектеп директорына сөгіс жарияланды. Дәрігерлердің кінәсін арнайы комиссия тексеріп жатыр.

Лекция туралы БАҚ беттерінде жарияланды.

Журналистер брифинг кезінде қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен білім басқармасының басшыларынан осындай дәрістерді өткізу қаншалықты ойға қонымды екенін сұрады.

Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, дәріс №132 мектепте өткізілді. Ол ведомствоның ерте жүктіліктің алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар жоспары бар екенін айтты. Емхана қызметкерлері жасөспірімдер арасында семинар өткізген.