Көркем гимнастикадан РФ құрамасының жаттықтырушысы осы спорт түрі бойынша сайыстардың форматын өзгерту қажет деп санайды

"Біз бұдан былай Олимпиада ойындарының бағдарламасында көркем гимнастика үшін жекелеген бағдарлама түрлерін енгізіп, әр елдің осы сала спортшыларына жекелеген бағдарламалар бойынша олимпиада медальдарын жеңіп алуға мүмкіндік туғанын қалаймыз", - деді И. Винер.

"Біз қандайбір жолмен бірігіп, Халықаралық Олимпиада комитетіне өтініш жасауымыз қажет. Өйткені, біздің спорт түрінен Олимпиада ойындарында жарыстарға бөлінген күндер де, жарысқа қатысушылардың саны да өзгеріссіз қалып отыр. Олимпиада ойындары екі күн ғана өтеді. Ал біздің гимнаст қыздарымыз тек көпсайыста ғана жеңімпаз атана алады. Егер біз өзгертуге қол жеткізе алсақ, әр ел көркем гимнастиканы дамытуға ауқымды ынталандыруға ие болар еді", -деді жаттықтырушы.