Король мен премьер трамвайға мініп, Касабланканы аралады

Іске қосылған күні Марокко королі Мұхаммед VI бен әл Хассан, сондай-ақ Франция Премьер-министрі Жан-Марк Эйро трамвайға мінді. Осы кезде Касабланканың мыңдаған тұрғыны көшеге шығып, трамвай құрамын қарсы алды. Трамвайдың іске қосылуы мерекеге айналды, барлық жерлерде адамдар ұлттық киім киіп, ән шырқап, би биледі.

Трамвай күніне 250 мың жолаушыны таси алады.
Трамвай құрылысы екі жыл бұрын басталған. Жоба құны 600 млн еуроны құрайды.
Инвестицияның негізгі бөлігі Иарокко бюджетін құрайды.