Коронавирус бойынша ең көп өсім тіркелген өңірлер аталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 102 дерегі тіркелген.

Нұр-Сұлтанда ауруды жұқтырудың - 17 дерегі, Шығыс Қазақстан облысында - 15, Павлодар облысында - 11, Алматыда - 10 дерек тіркелген.


Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында соңғы тәулікте аурудың нөлдік өсімі байқалған.