Caravan Logo

"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров тойда ұсталды

"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров тойда ұсталды

"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров Шымкентте той ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жарияланған үйлену тойының видеосы шынымен Шымкент қаласының "Караван" кафесінде түсірілген болып шықты. Мерекелік іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, әнші Марат Омаров пен кафе "Қыз ұзату" ұйымдастырған.

"Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік жаза қолдану үшін әкімдік пен полиция департаментіне хат жолдады.Осы жағдай бойынша қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлаймыз", - деп уәде берді департамент өкілдері.