Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Әзірге жоқ. Аурудың ондай өсімі байқалып отырған жоқ», - деді Ажар Ғиният.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдері мекемелердің көбі маска режиміне көшіп жатқанын айтып, шектеу шараларын қатаңдатылуы мүмкін бе деп сұрады.
«Вирустық инфекциялар, коронавирус инфекциясы өршіп келеді. Апталар бойынша қарасақ, тәулік сайын 200-ден астам ауру жұқтыру оқиғалары тіркелетінін көріп отырсыздар. Біз адам көп жиналатын жердің бәрінде маска киюге кеңес береміз», - деді Денсаулық сақтау министрі.