Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 26 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте 24 қазақстандық коронавирустан және екі адам адам пневмониядан қайтыс болды.

Сондай-ақ 1747 адамнан коронавирус, 80 адамнан пневмония анықталды.

28 мамырдағы жағдай бойынша елде коронавирус жұқтырған 30 153 адам бар (29 576 КВИ+ және 577 КВИ-), оның ішінде 11 432 пациент стационарда, 18 721 пациент амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.

КВИ+ және КВИ пациенттерінің арасында:


  • 665 науқас ауыр жағдайда,
  • 154 науқас өте ауыр жағдайда жатыр,
  • 101 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.