Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, мұның алдын алу үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр,
"Шынымды айтайын, инфекцияның жұғуы медицинаның қаншалықты дамығанына аса байланысты емес. Медицинасы дамыған Жапония, АҚШ, Корея елдерінде инфекциядан зардап шегіп жатыр. Бұл инфекция ауа тамшылары арқылы жұғады", - деді Біртанов.
Соңғы деректер бойынша, әлем бойынша 82 мың адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал қайтыс болғандардың саны 2801 адамға жеткен.