Коронавирус: Қазақстанның 6 өңірінде бір күнде 12 адам жансақтау бөлімінен шықты

Бұл туралы Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлап отыр. Дәрігерлер 1 маусымда 12 адамды палатаға ауыстыру туралы шешім қабылдаған.

«Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған 12 науқас реанимациядан тұрақты палатаға шықты. Атап айтсақ:

Шымкент қаласында ‒ 4 адам,


Жамбыл облысында ‒ 3 адам,
Түркістан облысында ‒ 1 адам,
Қызылорда облысында ‒ 1 адам,
Қарағанды облысында ‒ 1 адам,
Маңғыстау облысында ‒ 2 адам», - деп хабарлады комиссия.