Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жсап хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов лайнерде қамалып қалған қазақстандықтар коронавирус жұқтырмағанын айтты. Қазақстан билігі олармен тікелей байланыста.
"Олар өздерін жақсы сезінеді. Араларында вирус жұқтырғандар жоқ. Біз қазір сыртқы істер министрлігімен азаматтарымызды елге қайтару мәселесін пысықтап жатырмыз", - деді ол үкімет кулуарында.
5 ақпанда Жапонияның жағасында Diamond Princess круиздік лайнердің карантинге қойылғаны туралы хабар тарады. Гонконгтің 80 жастағы тұрғынында коронавирус анықталған. Кейінірек тағы бірнеше жолаушының вирус жұқтырғаны белгілі болды.
Лайнер бортында барлығы 3 700 адам бар. Қазіргі кезде лайнерде 454 адам індетке шалдыққан. Карантин 19 ақпанға дейін жалғасады. Кеме 20 қаңтарда Иокогамадан шығып, 3 ақпанда қайтып келген. Бортта Қытайдың бір азаматы болған. Ол Гонконгтен түсіп, ауырып қалды.