Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Францияда коронавирусқа қарсы екпе науқанының алғашқы бес күнінде 45 мыңға жуық адам вакцина алды. Мұндай мәліметтерді денсаулық сақтау министрі Оливье Веран таратты. Ресми статистикаға сәйкес, вакцинация қарқынды жүруде, алайда ол үкімет жоспарлаған көрсеткіштен айтарлықтай төмен.
Дәрігерлер егу науқанының айтарлықтай қарқынды жүрмеуіне алаңдаулы. Бұл COVID-19 инфекциясының өсуіне және одан да көп өлімге әкелуі мүмкін дейді.
«Әр жоғалтқан аптамыз – бұл ауруханаларға жатқызу, медицина көмегінсіз қалған адамдардың көбеюі, Денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс жүктеме, сонымен қатар локдаун, жабық мейрамхана мен барлар... Вакцина – дағдарыстан шығудың көзі. Алайда ұсынылған кестенің қарқыны баяу, біз бұл процесті тездетуіміз керек... Қазіргі қарқынмен бізде ұжымдық иммунитет пайда болғанға дейін айлар, мүмкін жылдар өтеді. Вирус таралуын тоқтату үшін мүмкіндігінше көп адамды вакцинация алу керек», -дейді терапевт Жимми Моамед.
Үкімет айдың соңына дейін миллион адамды коронавирусқа қарсы егу үшін вакцинацияны жеделдетуге уәде берді. Денсаулық сақтау министрлігі алдымен 50 жастан асқан немесе асқыну қаупі жоғары денсаулық сақтау жүйесінің барлық қызметкерлерін вакцинаның тұңғыш вакцинаның екі дозасының бірімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
18 қаңтардан бастап 75 жастан асқан Франция тұрғындары вакцина алу құқығына ие болуы керек. Жаңа екпе пункттерінің көптеп ашылуы науқанның жеделдеуіне ықпал етуі тиіс. Әзірге елдің әр департаментінде осындай бір орталықты орналастыру мүмкін болды.
Әлеуметтанушылардың пікірінше, қоғамдағы сенімсіздікке байланысты да қиындықтар туындауы мүмкін. Соңғы зерттеулерге сәйкес, француздардың шамамен 45%-ы коронавирусқа қарсы екпе алғысы келмейді.