Коронавирустан емделіп жатқандардың арасында 104 науқастың жағдайы нашар

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 690 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 40 бала бар. Стационарларда 1900 науқас жатыр. 1 790 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 104 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 11 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.


Еске салайық, бүгінде елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 107 262-ге жетті.