Caravan Logo

Коронавирустан жазылып шыққандарға вакцина салуға болатын мерзім айтылды

Коронавирустан жазылып шыққандарға вакцина салуға болатын мерзім айтылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, КВИ-ден жазылған науқастардың үш ай өткенде вирусты қайта жұқтыру қаупі жоғары болуына байланысты - Бас мемлекеттік санитар дәрігердің соңғы қаулысы бойынша коронавируспен ауырған науқастарға 3 айдан кейін вакцина алу жұмыстары қолға алынған.

30 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 3 335 172 адам вакцинаның І компонентін, 2 000 596 адам II компонентін алды.