Caravan Logo

Коронавирусты екі тәулікте басатын дәрі табылды

Коронавирусты екі тәулікте басатын дәрі табылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Зертханада мамандар ивермектиннің күшін тексеру үшін коронавирус инфекциясын жұқтырған клеткаға дәріні коронавирус анықталғаннан кейін 2 сағаттан соң енгізген. Нәтижесінде препараттың бір дозасы 24 сағаттан кейін вирустық рибонуклеин қышқыл саны 93 пайызға, ал екі тәуліктен кейін - 99 пайызға төмендегені анықталды.

"48 сағаттан кейін бұл әсер бақылау үлгілерімен салыстырғанда ивермектинмен өңделген жасушаларда вирусты РНҚ-ның 5000 есе төмендеуі байқалды. Бұл препаратты қолдану бүкіл вирустық материалдың жоғалуына әсер ететінін көрсетті", - делінген жұмыста.

Одан бөлек, тәжірибе кезінде ивермектиннен үлгілерге улағыш әсер етпеген. 


Ғалымдар олардың жұмысы коронавирусты жұқтыру жағдайында дәрі-дәрмектерді қолдануға зерттеуді бастауға көмектеседі деп үміттенеді. Олардың пікірінше, ивермектин SARS-CoV-2 вирусын төмендетуге, ауру кезіндегі асқынулардың дамуын болдырмауға және инфекцияның адамнан адамға берілуін тоқтатуға көмектесе алады.