Коронавирустың аталық және аналық түрі бар болып шықты

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды 

Дәулеттен деген есіммен көпшілікке танымал блогер Дәулет Төлеутайұлы өзінің инстаграм әлеуметтік желісіне:

"Коронавирустың аналығы және аталығы болады. Егер сізге аналығы жұқса, температура көтеріледі. Тамақ, дене ауырады. Және олар көбеюге қабілетті. Бүкіл ағзаға тарала бастайды. Ал аталығы жұқса, сізде ешбір сырқат белгілері байқалмайтын болады (бессимтомный).

Өзгеге жұқтыра аласыз, бірақ сізде ол вирус көбеймейді.


Шын мәнінде, негізі бұл жай ойымнан шығарылған пост болатын. Аналық-аталық дегендеріне сеніп қалмаңыздар. Биология есіме түсіп кетті да))
Қысқасы, мен келесі аптада Covid-ке тест тапсыратын болдым." - деп жазба қалдырды.

Дәулеттің оқырмандары бірі қорқып кеткенін айтса, енді бірі күлгенін айтты.