Коронавирустың қауіпті штаммы пайда болуы мүмкін – ғалымдар

Мамандар омикронды алмастыратын SARS-CoV-2 жаңа жұқпалы штаммы иммунитеттің қорғанысын бұзып өтіп, өмірге қауіпті симптомдарды тудыруы мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

"Антигендік эволюция иммунитеттен бұлтарып, ауыр симптомдарды тудыратын коронавирустың жаңа нұсқаларының пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін", - делінген зерттеуде.

Ғылыми жұмыста вирус эволюциясы жұққыштықтың жоғарылауымен және иммундық жауаптан айналып өту мүмкіндігімен анықталатыны айтылған. Аурудың ауырлығы, керісінше, эволюцияның жанама нәтижесі ғана.