"Көрсетесіз бе?": Әншілерден іш киімін көрсетуін сұраған журналист елді ашуландырды

Мұхит Сапарбаев әнші мен актрисаларға "Іш киіміңіздің бағасы қанша?" деген сұрақ қойды. 

Әнші Әнел Арынова іш киімінің 50 мың шамасында тұратынын айтты. Ол іш киімін көрсетуден бас тартты, алайда Мұхит Сапарбаевтың ернінен екі рет сүйіп алды. 

Ал, Аша Матай оған ақша үнемдемейтінін жеткізді.

"Мен іш киімге ақша аямаймын. Қандай бренд екенін, бағасы қанша екенін айтпай-ақ қояйын, бірақ қымбат болса да ақша үнемдемеймін", - деді Аша Матай.

Alem band тобының жігіттері іш киімінің 4990 теңге тұратынын айтты. 


"Бір қорабы 4990 теңге тұрады. Ішінде үшеу болады. Әрқайсысымыз Mega сауда үйінен аламыз", - деді топ мүшелері. 

Ал, әнші, актриса "Мисс Jamba" іш киімінің қымбат емес екенін жеткізді. 

"Іш киімім қымбат емес. 100 доллар шамасында. Брендті іш киімімнің өзі сондай", - деді "Мисс Jamba".