Көрші мемлекеттегі алаяқтарға қазақстандық сим-карталар жіберілген: күдікті ұсталды

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, Астана тұрғыны полицияға хабарласып, өзін банк және тәртіп сақшылары ретінде таныстырған адамдарға алданып қалғанын айтқан. Сеніміне кірген қылмыскерлер оның 6,5 миллион теңгесін жымқырып кеткен.

"Интернет-алаяқтықпен күресу бойынша арнайы операция барысында Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының 1996 жылы туған тұрғынын ұстады. Ұстау Астана прокуратурасының қолдауымен жүзеге асты. Ер адам алаяқтарға көмектесті деген күдікке ілінді".Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, күдікті SIM-карталарды қазақстандықтардың атына сатып алып, тіркеген.

"Одан кейін көрші мемлекетке жіберді. Бұл сим-карталар арқылы біздің азаматтарды алаяқтық мақсатында пайдаланған. Қоңыраулар құқық қорғау органдарының, коммуналдық қызметтердің және банктердің атынан жасалған. Қазақстандықтардың атына тіркелген 2 мыңнан астам сим-картаны аударудың 20-дан астам фактісі анықталды. Әр жеткізілім үшін ол криптовалюта алған.