Көрші қырғыз елінің екі тұрғыны сібір жарасын жұқтырды


Бүгінде аталған ауылда екі апталық карантин жарияланып, ет өнімдерін алып шығуға шектеу қойылыпты. Қауіпті кесел сиырды бауыздау кезінде жұғуы мүмкін деген болжам айтылуда. Әзірге, осы індетке шалдыққан екі кісінің жағдайы қалыпты. Сондай-ақ олармен байланыста болған 9 адам қатаң бақылауда. Ал, алыс-берісі бар айырқалпақты ағайындар ауылынан шыққан дерттен біздің елге қаншалықты қауіп бар екені белгісіз. Анығы сол, Жамбыл облысының шекара бекеттерінде сақтық шаралары әлі қолға алынбаған.