Сөзінше бірінші некеде ол Тараз қаласының Жасөркен 2 ауылының келіні болған, деп хабарлайды Caravan.kz.
Блогер жеке өмірі жайлы өзінің желідегі парақшасында мәлім етті. Сондай-ақ ол қазіргі жолдасының өзге ұлт өкілі екенін әрі ол асырап алған балаларына туған әкелері жасамаған жақсылықты жасағанын айтты.
«Мен Тараз қаласының Жасөркен 2 ауылының келіні болдым, мені енемнің енесі жақтыртпай "көршінің қызын алу керек еді" дейтін. Енді олар үшін ажырасқан жоқпыз, мен қаламаған өмір екенің сезген шығармын.
Сөйтіп Алланың қалауымен өзім туған, бауырыма басқан балаларымды (4 бала) қолымнан келгенше, келмегенше жеткізіп келдім.
Қазір балаларыма бар махаббатымды бере алғаным үшін Аллам өте керемет жанды бұйыртты. мені, балаларымды алақанына салып 3,5 ай ғана бірге тұрсақ та небір туған әке жасамаған жақсылықты жасап тастады.
Егер маған 1 жыл бұрын біреу мықты компанияның вице президенті, әлемдік топ 5 университтеттің бірінде бизнес үйрететін жанмен шаңырақ құрасың десе сенбес ем, алайда Алланың аманаты болған балаларымның несібесінің арқасында ертегідей өмірдің бар екеніне көзім жетті.
Бұл видеоға әбден ниет етіп, осы пост коментіне ЕСІМІ жазылған әр балаға әлемдік деңгейдегі оқу орындарын бітіріп, солардан арнайы шақыртулар алуы жазсын. Әумин!
Менің өмірім күрт өзгерді, төрт баламен тұрмысқа шықтым, ол шетелдің азаматы. Ол жай адам емес, Гарвард университетінде сабақ беруге келген адам. Бизнесті түсіндіруге келген адам. Армандар орындалады», - деді блогер.
Көпшілік Айдын Тоқсанбаева бақыт тілеп, ақ жарма тілектерін жаудырған.
«Бақытты болыңдар, лайықсың», «Балаларыңның несібесі, құдай бар, осындай жомарт жандарға бәрін үйіп-төгіп береді», «Балаларың мен жарың аман болсын» деп жазды олар.