Көршісін тірідей өртеп жіберген жас жігіт қамауға алынды - ШҚО

22 жастағы жігіт өзінен бір жас кіші көрші қызбен келісе алмай қалған. Ашуға булыққан ол қыздың үстіне жанармай құйып, өртеп жіберген көрінеді.

Облыстық ТЖ департаментінің хабарлауынша, бойжеткен тірідей өртеніп кеткен. Ол тұрған үй де отқа ораныпты. Денесін күйік шалған күдікті ауруханаға жеткізілді.

Қазір жергілікті құқық қорғау орындары аталған істі тексеріп жатыр.