"Көшбасшылыққа жол: Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар" кітабының тұсаукесері Мәскеуде өтті

"Бұл Қазақстан көшбасшылығы феноменін зерттейтін Қазақстан Республикасы туралы алғашқы ұжымдық монография", - деп атап көрсетті жоба жетекшісі, кітап редакторы, саясаткер Юрий Солозобов қазақстандық реформаларды талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында. Оның айтуынша, дүнижүзі ұзақ уақыт бойы Қазақстанның табысын елемеуге тырысқан. Оның табыстары тек қуат көздерін алумен және сатумен, сондай-ақ, үгіт-насихатпен байланысты деп есептеп келген. "Алайда, қазір табыстар айқын сезіле бастағанда, Ресей сарапшылары "Қазақстан көшбасшылығы феноменін" зерттеу идеясы туындаған", - деп атап көрсетті Ресей саясаткері.

Кітапқа байланысты жұмыс көптеген интеллектуалдық Ресей орталықтарын біріктірген. Осы кітап авторларының барлығын біріктіретін бір-ақ нәрсе бар. Ол Қазақстандағы жағдайларға ашық және бейтарап көзқараспен қарау. Бұл Ресейге де, Қазақстанға да пайдалы ашық достық әңгімесі", - деп атап көрсетті Ю. Солозобов.

Дөңгелек үстелге Елші кеңесшісі Марат Сыздықов, ТМД елдері институтының директоры Владимир Жарихин және т.б. қатысқан.