«Көшеде арақ ішіп, үйде дәрет сындырады» 46 жастағы келіншек күйеуінен құтылғысы келетінін айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ащы суды армансыз ұрттайтын отағасы жатын бөлмесін әжетханаға айналдырыпты. Атпалдай азаматтың ақылсыз әрекетінен шаршадым деп күйінген келіншек, күйеуінен құтқаруды сұрайды.

Екінші рет тұрмысқы шыққан, қазіргі таңда бес баланың анасы Ғалия жолдасының есірткі шегетінін айтады.

«Балалардың көзінше наша шегіп отырады, кет,  сыртқа барып шек десем тыңдамайды. Балалары бұны көріп,  әжесінің үйіне кетіп қалады. Үйде дәрет сындырады. Достарын жинап алып, ойына келгенін жасайды»  - деп ішкі зарын ақтарды. 


Ал жолдасы бұны жоққа шығаруда...

Желі оқырмандары: 

«Түрінен көрініп тұр ішетіні»,«Ерді ер қылатын әйел»,«Сізде де кінә бар ғой»,«Түзеу сіздің қолыңызда»  деп пікірлерін жазды.