Бұл туралы Қырғыз Республикасы Үкімет жанындағы Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Салбурын - саят құсы мен тазы ит және садақтан мергендік сыналатын кешенді аңшылық өнері.
Құс салудың бірнеше түрінен бес елден келген саятшылар шеберлік сынасты.
Жарысқа Ресей, Моңғолия, Қазақстан, Өзбекстан және Италиядан: бүркіт салуға 14 спортшы және құсқа тапсырма орындатудан (Далба ойнату) 8 саятшы қатысты.
Жарыс нәтижесі:
Бүркіт салу:
1 орын - Айбек Сағынбаев - Қырғызстан
2 орын - Чынгыз Дыйканов - Қырғызстан
3 орын - Жалғас Әкімбеков - Қазақстан
Далба ойнату - бүркітке бұйрық орындату шеберлігі:
1 орын - Мирлан Калилов - орын Қырғызстан
2 орын - Нурсейит Бейшебаев - Қырғызстан
3 орын - Ринат Масалбеков - Қырғызстан