Косметологтар сорпаны кәрілікке қарсы құрал деп тануда

Голливудтық танымал косметолог Джулия Марч терісі салбырап неме қызарып кеткеніне шағымданған клиенттерге осыны ұсынады екен.

«Менің клиенттерім сорпа ішкенде, терілерінің қабынуы бәсеңдеп, тартылып, барынша әрлене түсетінін айтады, - деді ол - сорпа теріні нығайтады, жасартады, әрі емдейді».


Джулия Марч терінің түсін жақсарту үшін күніне үш кесе сорпа ішуді ұсынады.