Бұл ойында Коста-Рика футболшыларды мундиальдiң ең басты фавориттарының бiрi италиялықтардың мысын басып, 1:0 есебiмен тiзе бүктiрдi.
Ойынның бiрiншi тайымында Руис гол авторы атанған болатын. Мундиальдағы ең жас құрамалардың бiрi саналатын оңтүстiк америкалықтар мұның алдында Уругвайды сан соқтырып кеткенi есiмiзде. Ендi бұл жеңiстен кейiн Коста-Рика алты ұпаймен бiрiншi орын алып, топтық кезеңнен шықты. Италия мен Уругвай үш ұпаймен екiншi орындарда. Ал Англия құрамасы үшiн бұл чемпионат аяқталды. Олар 0 ұпаймен үйлерiне қайтатын болды.