Оқиға Коста-Рика мен Панаманың жастар құрамасы арасындағы 2016 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирі аясында болған ойында орын алды.
Трибунадан ойынды тамашалаған Ванчопе төрешіге наразылықтарын айту үшін ойын алаңына жақынырақ түспек болған. Күзетші Ванчопе оның әрекеттеріне кедергі келтіріп, оның соңы төбелеске ұласқан. Оларды полиция қызметкерлері ажыратты, деп жазды vesti.kz.