“Көтергенін, көтермегенін менен артық білетін жан жоқ”: Жігер Ауыпбаев желідегі қауесетке жауап берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі Instagram парақшасында жасанды интеллект көмегімен әзірленген фотоларды жариялап, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

“Threads-ке кіріп қалсам, бізге гендер пати жасап тастапты. Бұйырса, сол күнге де жетерміз. Бірақ алып-қашпа әңгімелерге сенбеңіздер. Көтергенін, көтермегенін менен артық білетін жан жоқ. Сондықтан өсекке ермеңіздер. Осындай жақсы жаңалық болып жатса, ең бірінші өзім сүйінші сұраймын”, – деп жазды әнші.

Айта кетейік, жуырда Жігер Ауыпбаевтың екінші рет отау құрғаны белгілі болған еді. Әнішінің таңдауы өзінен 15 жас кіші Мумина есімді аруға түскен. Бұған дейін ұзату тойынан тараған фото және видеолар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланған болатын.