Ковалев пен Альварестің қарашадағы жекпе-жектен алатын табыстары белгілі болды


Бокс кешінің негізгі кездесуі ресейлік Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль Альварес арасында өтеді. Бәске жартылай ауыр салмақ бойынша WBO чемпиондық атағы қойылады.

Ковалев 3 миллион доллар алса, Альварес 35 миллион долларға ие болмақ.

Ковалев – Альварес кездесуінің андеркардында Кристиан Оливаспен жұдырықтасатын  қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов 12,5 мың АҚШ долларына ие болса, қарсыласы 12 мың алатын көрінеді. Қос боксшы WBC (USNBC) тұжырымы бойынша АҚШ чемпионы атағына таласады.