Оның сөзінше қожалар Түркістан жерін мекендеген түркінің бір тайпасы.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Ылғи осы аңыз есіме түскенде, "Қожа Ахмет Ясыда туып-өскен, ата-анасы Сайрамда жатыр, өзі Түркістанда жатыр... сонда қалайша қожалар дін тарату үшін араб жерінен келген болады?.." деп ойлаймын да...
Қожалар - араб жерінен келген арабтар емес, о бастан Түркістан жерін мекендеген түркінің бір тайпасы деп ойлаймын... интуициям солай дейді...
Ал Арыстан баб - Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымызды сонау парсы жерінен Мекке-Мәдинаға арнайы іздеп барып, пайғамбардың соңынан еріп, сақабасы болған Салман Парси деген де деректер бар", - деп жазды журналист.