Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Мәселе неден туындады?
Естеріңізде болса, бұған дейін журналист Жанар Байсеміз «Нұр-Мүбарак» университетінің профессоры Мұхитдин Исаұлынан сұхбат алған еді. Ол онда "ерекше балалардың кванттық әлемде рухы байланып қалғанын" айтып, ел назарын өзіне аударған болатын.
Оның сөзінше ЗПР, ЗПРР, аутизм, ДЦП және Даун синдромы қойылған балалардың рухы кванттық әлемде байланған. Оның айтуынша, мұндай диагноз әсіресе қалада тұратын ата-аналардың балаларында жиі кездесетін көрінеді. Сөзінше, мұндай ерекшелік балаларға құрсақта жатқаннан беріледі. Сондай-ақ ол ауылдағы ата-аналардың балаларында мұндай сырқат түрлері сирек кездесетінін жеткізген. Себебі "ауылда рухы таза адамдар тұрады" деді ол.
Көпшіліктің пікірі қандай?
Десе де, көпшілік оның бұл ойына қарсы шыққан. Олар "әсіре" діншілдерді бұл тақырыпқа араласпауын сұраған.
Гүлмира Әбіқай Жанар Байсемізге не деп үндеу тастады?
Журналистің бұл қонағының пікірімен журналист Гүлмира Әбіқай да келіспейді. Ол Жанар Байсемізге сұхбатқа тек білікті спикерлерді шақыруға, діншілдерден сұхбат алмауға кеңес берген.
Айта кетейік, Жанар Байсеміз бұған дейін де бірнеше сұхбатында түрлі кейіпкерлерді шақырып, желіні шулатқан еді. Сондай-ақ, елдегі дін өкілдері де бүгінде түрлі подкаст, сұхбатқа қатысып, елдің сынына ұшырайтын пікірді жиі айтатын болған.