Содан бері көпшілік Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың ара-қатынастарына тағы да сызат түскенін жарыса жазуда, деп хабарлайды Caravan.kz.
Бұған қоса әншінің жары Жұлдыз Әбдікәрімова да желіде әсерлі жазба қалдырып, көпті ойландырып қойды. Ол онда: «Кім сенің үнсіздігіңді түсінбесе, сөздеріңді түсінуі екіталай! Бүгінгі түйген ой», - деп жазды ол.
Желі қолданушылары актрисаның аталған жазбаны жазған сол еді, оған түрлі пікірлерді жаудыра бастады. Олардың басым көпшілігі жұлдызды жұп тағы да айырылысқанын жазуда.
«Қайратқа жауап болып тұр ғой? Аралары бір рет ашылған соң, қиын негізі», «Көзінде бір мұң бар, не болды екен?», «Осылардың бір қосып, бір ажырасқаны бізге не керек? Неге соның бәрін жалпақ жұртқа жариялайды екен?» деп жазды олар.