K-pop жұлдызы 28 жасында өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды

28 жастағы K-pop жұлдызының денесі жексенбіде кешкісін табылған. Оның неден қайтыс болғаны әзірше белгісіз. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. 

Бір күн бұрын әнші Instagram-парақшасында суретін жариялап, "Қайырлы түн!" деген жазба қалдырған.

Loading...

Гу Хара Kara тобының құрамында танымал болған. Ұжым 2007-2016 жылдар арасында жұмыс істеген. Сондай-ақ әнші жеке де өнер көрсетіп, сериалдарға түскен. Бірнеше күн бұрын ол Жапонияда жаңа бағдарламасымен концерт қойған. 


Loading...

Биыл мамырда Хара өз-өзіне қол салмақ болған, оны ес-түссіз жатқан жерінен менеджері тауып алып, ауруханаға жеткізген.