Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығына үміткер (тестіленуші) білу көлемін айқындау мақсатында тестілеуден өтеді.
Қағидалар кәмелетке толмағандарға, әрекетке қабілетсіз адамдарға, Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі бар не Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдарға, этникалық қазақтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарға қолданылмайды.
Тестілеу келесі блоктардан тұрады:
Тест тапсырмаларының жалпы саны – 100, оның ішінде:
- тыңдалым бөлігі бойынша – 15,
- оқылым бөлігі бойынша – 15;
Тестілеуде ұсынылған төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауап таңдалатын тест тапсырмалары қолданылады. Дұрыс жауап бір балмен бағаланады.
Тестілеуге берілетін жалпы уақыт 2 сағат 10 минутты құрайды.Барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға қосымша 30 минут беріледі.
Шекті балл кемінде 50 балды құрайды, оның ішінде блоктар бойынша:
Тестілеу күнтізбелік жылдың ақпан және тамыз айларында жылына 2 рет өткізіледі. Тестілеуді өткізу мерзімдері мен пунктін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Тестіленуші тестілеуге кіргізу кезінде келесі құжаттардың түпнұсқаларының бірін ұсынады:
Тестілеу қорытындысы бойынша шекті балды еңсерген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға нысан бойынша қазақ тілінде электрондық сертификат беріледі. Шекті балды еңсермеген кезде электрондық сертификат берілмейді.
Электрондық сертификат тестілеу аяқталғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді (апелляцияға өтініш берген тестіленушілерді есепке алмағанда) болады.
Электрондық сертификат ҰТО-ның сайтына (https://certificate.testcenter.kz) тестіленушінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) және жеке кодын енгізу арқылы расталады.
Электрондық сертификаттың жарамдылық мерзімі берілген күнінен бастап 2 жылды құрайды.