Красноярск Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың астанасы болып бекітілді

Қыркүйек айының ортасында Брюссельдегі FISU кеңсесінде Красноярскінің Универсиада-2019-ды өткізуге ниет білдірген өтінішін тапсыру рәсімі өткен болатын.

Красноярскінің жалғыз қарсыласы швейцариялық Вале кантоны осыдан біраз уақыт бұрын өз кандидатурасын алып тастаған болатын, деп хабарлады Vesti.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада 2017 жылы Алматы қаласында өтеді.