"Қазақтеңізкөлікфлоты" Ұлттық кеме қатынасы компаниясы бас директорының бірінші орынбасары Шерәлі Қожамқұловтың айтуынша, компания қазір осындай танкерлердің жобасын жасап дайындап қойған және оны "жасау туралы тапсырысты "Красные баррикады" зауытына беруге дайын",- деді ол.
Ш.Қожамқұловтың айтуынша, Ресейдің ішкі су жолдарының аясының тарлығы Астраханьдағы кеме жасау зауытына артықшылық беруге түрткі болып отыр. Қазіргі жағдаймен Ұлттық компанияға 60 мың тонналық танкерлер жасату туралы ұсыныс Ираннан келіп түскен.
"Қазақтеңізкөлікфлоты" қосалқы флотқа арналған кемелерді жасау жөніндегі тапсырыстарды Сингапур мен Қытайға берді.
Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкин Қазақстана арнап кемелер жасап беру саласындағы ынтымақтастыққа әзір екенін атап өтті.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда "Красные баррикады" зауытында ұзындығы 240 метр, дедвейті 60 тоннаны құрайтын кемелер жасалуда. Оларды жасауға арналған алаңдар дайын. 2005-жылдың қараша айының аяғына дейін причал құрылысын аяқтау көзделген. "Бұл су жаңа жоба. Каспий көлемінде мұндай кемелер бұрын-соңды болған жоқ",- деді А.Жилкин.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті