Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады. Ал әннің сөзі мынадай:
Айлық елу мың теңге,
Елден қалыспай мен де,
Сенсең де өзің біл, сенбе,
Айфон-7 алдым кредитке.
Таксиге мінуден қалдым,
Жауы болдым роллтон мен нанның.
Соткамды сындырып алдым
Байқамай.
Телефонды ұстап тұрып, ұстап тұрып жыладым,
Кредиті бар адамдарға арналады бұл әнім.
Ал бейнероликтің басында "Дастан Жайнақ" деген жазу шығады. Соған қарағанда, ән сөзінің авторы және орындаушы осы жігіт болса керек. Айтпақшы, бұл қалжың Қайрат Нұртас орындайтын "Жұбатуға арналады бұл әнімнің" әуенімен айтылады.