Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Банктер бөліп төлеуді тоқтатып тастауы мүмкін"
"Алдағы уақытта бөліп төлеуді банктер тоқтатып тастауы да мүмкін. Базалық мөлшерлеме көтеріле берсе солай болуы мүмкін. Ұлттық банк қазір 16,75 пайызға дейін көтерді. Мұндай жоғары пайыз 2015 жылы болған. Еркін айналымға өткен кезде теңгеміз қатты әлсіреп жатты. Сол кезде ұлттық банктің оны бірден 17 пайызға бекіткені бар. Кейін бірте, бірте төмендеткен болатын. Өткен жылы базалық мөлшерлеме 9 пайыз болатын, биыл одан жоғары болып отыр", - деді Мақсат Халық.
"Кредитті енді 50 пайызбен аламыз"
"Кез келген банк теңгеге мұқтаж болып қалатын болса олар осы 16,75 пайызбен оларды алады да, одан кейін халыққа немесе бизнесті қаржыландыруға берген кезде оның үстіне пайыздарын қосып халықтарды несиелендіреді. Қазіргі таңда, екінші деңгейлік банктерге 56%-ға дейін халықты несиелендіруге рұқсат етілген. Қазіргі таңда несиелер 45-50 пайыздың деңгейінде беріліп жатыр", - деді Мақсат Халық.
"Бизнес неге кредиттен қашатын болады?"
"Бизнес 20%-бен несие ала алмайды. Олар 22,25%-бен алуы мүмкін. Ол тұрғыда ондай несиені ешқандай кәсіпкер алмайды. Өйткені, оның жылына алып отырған таза табысы 20%-дан аспайды. Қандай кәсіпкер бүкіл табысын несиені жабуға беріп қойып отырады? Сондықтан ондай несиені жоламаймын, алмаймын дейді. Нәтижесінде, өздерінің бизнесін кеңейтпейді, жаңа филиалдар ашпайды, жаңа зауыт, фабрикалар тұрғызбайды. Оның нәтижесінде азаматтар арасында жұмыссыздық орын алуы мүмкін", - деді Мақсат Халық.