"Кредиттің, қарыздың көбеюі тойшылдықтың, ойдың аздығының белгісі": Ғалым қазақ тойларының кедейлікке әкелетінін жайып салды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Тойы көп деген сөз, ол ойы аз деген сөз ғой. Халық мені ұнатпай қалуы мүмкін, бірақ оны айтпай қоюға тағы да болмайды. Халыққа жақсы болмайды деп, жылы, жұмсақ қана сөзбен шығарып салатын болсақ, халық қашан емделеді?

Қазақтың өзінде мақал бар: "Бәрің тегіс қойшы болсаң, құл боларсың, бәрің тегіс тойшы болсаң, жын боларсың" дейді. Сондықтан той көп, ой аз. Ой аз болғаннан кейін, жұмыс аз болады. Жұмыс аз болса, тапшылық болады. Кедейлік пайда болады.

Ал, енді кредиттің, адамдарға бір-біріне қарыздың көбеюі, ол тойшылдықтың, ойдың азшылдығының белгісі", - деді ғалым.