Кремль төсек тартып жатқан Аман Төлеевтен неге айырылғысы келмей отыр?

ТАСС агенттігі тілшісінің "аталған аймақ басшысы денсаулығына байланысты орнынан алынбай ма?" деген сұрағына Кириенко басын шайқап жауап берген.   

"Бәрі дұрыс. Оған ауыр ота жасалды. Оның сауығып шығуын тілейікші. Бұл - Ресейдегі беделді губернаторлардың бірі" деді Кремль өкілі.

73 жастағы Аман Төлеев неміс клиникасында омыртқасына жасалған отадан кейін РФ президенті іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасында емделіп, 12 тамызда Мәскеуден Кемеровоға оралған еді. Қазір оған амбулаториялық ем жасалып жатыр. Төлеевтің жұмысқа қашан оралатынын дәрігерлер анықтайды.

Сергей Кириенконың "Бұл - Ресейдегі беделді губернаторлардың бірі" деп айтуы тегін емес. Аман Төлеевтің қанша ауырса да, орнынан алынбай жатқанына оның осы беделі себеп болса керек.