"Кресло кері әсер ететіндер санатынан емес": Журналист спортшы Нұрбақыт Теңізбаевтың депутаттыққа ұсынылуы туралы

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы Серік Әбікен өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

Партиялық тізімнен “Алтын сақам” - Нұрбақытты байқадым. Аңқылдаған ақжарқын ініміз, іске салсаң— көсем, сөзге салсаң — шешен, Жақсылық Үшкемпіров ағамыздан сіңірген кесек турайтын мінезі де бар азамат. Бейсен марқұмға әңгіме айтқызып, алшайып отыратын.

Маған жолыққан сайын “Тарих туралы айтыңызшы, аға” деп қарсы алып, кетеріңде “Тағы бір кездесейік, құлақ құрышы қанбай қалды” - деп шығарып салады. “Арша жұпарын” қырық қайыра оқып, Жетісуының өр тұлғаларының қилы кезеңін зерттеуге құлшынып-ақ жүр. 1930 жылдары төрт жүздей жаны сотталып, жетпістен аса батыры іздеу-сұраусыз атылып кеткен Жаркенттің топырағынан тамыр алған балуан ғой, намысқой.

Спорт саласына бастық болды өзгермеді, әкім болды өзгермеді, кресло кері әсер ететіндер санатынан емес екен. Қазағы әлемдік додада үйірді, алыстағыны ұшырды, Олимпиада да иірді алшысынан түсті. Шен беріп еді шалқаймады, иілді, жұмысын шырқ үйірді. Енді тағы бір іске бел буыпты, салмағың артсын, Алтын сақам! Жанарбек Әшімжандай жампоз ағаңның қатарына қосылып, ел сөзін айт. Саф қалпың бұзылмастан абыройың артсын!", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін партиялар тізіміне енген Аша Матай, Тамар Асар сынды әншілер сынға ілініп, қоғамның қызу талқысына түскен еді. Көпшілік сол кезде Құрылтайда білікті заңгерлер мен білімді азаматтарды көргісі келетінін жарыса жазған болатын.