Криштиану Роналду барлық жетістіктерге арнайы диетаның арқасында қол жеткізгенін айтты

Бұл туралы Росбалт жазады.

Футболшының сөзіне қарағанда, оның әр күнгі ас мәзірінде балық міндетті түрде болады.  Балық құрамындағы Омега-3 май қышқылдары төзімділікті арттырып, бұлшық еттің өсуіне көмектеседі. 

Футболшы семсер-балыққа, сибас және ақтабанға ерекше мән береді, деп хабарлады Kedem порталы.


Роналдудың жеке аспазы бар. Ол спортшының диета сақтауын, дұрыс тамақтануын жіті қадағалайды.