Режиссер әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышымен бөлісіп, бұған дейін ескі көлігінен қысылып жүргенін айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Біз қазір анау болмайтын, мынау болмайтын нәрсенің бәрін марапаттап жатырмыз. Бірақ, жігіттердің ішіндегі төресін марапаттауымыз керек. Мұрат Есжанға қазақ елінің жанашыры деп бір автокөлік мінгіземіз", - деді кәсіпкер Сырымбек Тау.
Режиссер әлеуметтік желідегі парақшасында ескі көлігінен ұялып жүргенін де жасырмады.
"Енді жасыратын несі бар, айта берейінші. Жаңа шара боп жатқан жерде кіл жаңа, крутой көліктердің қасына қоюға ұялып, мәшинемді алысқа қойып кететін едім. Терезесі ашылмайтын, багажнигін ішінен еңбектеп кіріп ашатын бұл көлікке де өкпе жоқ. Тақылдаса да, уілдесе де тоқтамай жүріп тұр. Бір емес екі сериалды осымен жүріп түсірдік. Енді жаңа көлікпен жаңа жобалар жасауды жазсын!",- деп жазды ол.