Ксеll максималды тарифін орташа алғанда 20% төмендетті

Ішкі желіде тариф 17% азайтылған, басқа операторларға телефон соғу 22%, басқа желілердің операторларына SMS жолдау 18% арзандады. 1 Мб ұялы интернет құны да абоненттер үшін 18 пайызға арзандады.

"Kcell соңғы жеті жыл бойы бір минуттың орташа құнын арзандату стратегиясын орындап келеді. Соның нәтижесінде 2013 жылдың 31-желтоқсанында біздің компанияның минутының орташа құны желіде 4,6 теңгені құрады", деді компанияның бас атқарушы директоры Али Аган.

Ксеll негізгі акционерлері Sonera Holding B.V. ( TeliaSonera 100 пайыз еншілесі) - 24%, Fintur Holdings (TeliaSonera бірлескен кәсіпорын және түріктік Turkcell) - 51%.