КСРО халық артисі, Халық Қаһарманы Роза Бағланова өмірден озды

Марқұмды жерлеу рәсімі ақпанның 10-ы күні Кеңсай зиратында өтеді.

Кеше, 7 ақпан күні ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениетті, білім беру және әлеуметтік бағдарламаларды қолдау қорының президенттік стипендиялары мен Мемлекеттік сыйлықтарын табыс еткен мәдениет қайраткерлерінің ішінде Роза Тәжібайқызы да бар еді.

Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтында оқыған. 1949 жылдан бастап Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі болған. 1960 жылдан бері «Қазақконцерт» концерт бірлестігінің жетекші сахна шебері.