Қазіргі таңда біз "АҚШ-тың ядролық реттеу жөніндегі комиссиясымен бірлесе отырып, радиоактивті көздерді іздестіру стратегиясының жобасын жасай бастадық",- деді Т.Жантикин.
Комитет төрағасының пікірінше, "Қазақстанда радиоактивті көздерді жоғалтуға жол бермейтін арнаулы технология немесе бағдарлама болуы тиіс". "Бұл жерде әңгіме КСРО ыдырағаннан кейінгі өтпелі кезеңде қолды болған көздер туралы болып отыр. Біз дәл осындай көздерді іздеп табуға тиіспіз",- деді ол.
Т.Жанктикинның хабарлауынша, " елімізде дәл қазір айналымда жүрген, республика аумағына жариялы түрде әкелінген көздер ұлттық реестрге жазылған. Ондай көздердің Қазақстан аумағына кірген сәттен бастап қайтадан ел аумағынан шығарылғанға дейінгі, немесе ұқсатылғанға дейінгі жүріп өткен жолы жіті қадағаланады. Сондай-ақ, 2004-жылдан бастап еліміздің барлық шекаралық бекеттерінде радиоактивті көздерге бақылау жасау жүйесі жұмыс істейтін болды".