КСРО-да АҚШ-тың соңғы елшісі болған Роберт Страус қайтыс болды

"Америкалық көшбасшылар үшін ол сенімді кеңесші әрі адал брокер бола білді. Біз әріптесімізден, ақылшымыз бен досымыздан айырылдық", деді оның заңгерлік Akin Gump Strauss Hauer & Feld фирмасының өкілдері.

АҚШ президенті Барак Обама болса Р.Страус бірегей тамаша адам болатын, деп айтты.

"Боб Демократиялық партияның ұлы көшбасшыларының бірі болатын, екі партияның да төрағалары оның кеңестеріне арқа сүйеп келді", деді ол.