КТА ойыншысы Мереке өзінен кіші күйеуі туралы: Менен кетер, болмаса екінші әйел алар

Алайда таяуда ғана тұрмысқа шыққан Мерекенің өзін сынап-мінегендерге жауабы дайын, деп жазады Stan.kz.

Мерекенің сөзінше, өзіне күйеуі Арсен туралы «ертең сені тастап, жас қызға кетеді» дейтіндер баршылық көрінеді.

Менің достарым мен қастарымның уайымы осы. Күйеуім жап-жас, әп-әдемі жігіт. «Ертең сені тастап, жас қызға кетеді дейді», – тағы сенімді түрде.

Адамның қалағаны емес, Алланың дегені болатынын ұмытқан ғой», – деп жазды ол Instagram-парақшасында.

Алайда КТА ойыншысы егер күйеуі өзінен жалықса, тоқал алуға рұқсат беретін тәрізді. Десе де өзінің де жақсылап қамданғанын айтқан Мереке «қазір жалықпайды-ау», дейді.

«Не де болса әйелдің өзіне байланысты деп ойлаймын. Жалықтырып, шаршатсам кетер, болмаса екінші әйел алар. Бірақ менде осы 100 жылдыққа дайындалған сценарий бар, сондықтан қазір жалықпайды-ау», – деп ақтарылды Мереке Бауыржанқызы.


Естеріңізге сала кетсек, КТА ойыншысы Мереке Бауыржанқызы өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан еді.