Бибігүл Малкенова , Петропавл тұрғыны:
- Бүгін біздің қалалық әкіміміз келді. Дуалдан қалай секіріп жүренімізді көрді. Өзі де секіріп көрді.Сосын міне мына кісілерді жіберіп, бізде жұмыс басталып, істелініп жатыр.
Ахременко көшесіндегі 3 үйді орталықпен байланыстыру үшін шенділер аурухананың темір қоршауын 4 метрге шегермек. Қазір бұл жердің қоқысы жиналып, өсіп кеткен ағаштар қиылып жатыр. Содан кейін 250 метрдей қоршауды жылжыту жұмыстары басталады. Ол үшін қаланың жоспарына өзгеріс енгізіп, аурухана аумағын құжат жүзінде азайту көзделген. Мамандар бұл жұмыстарды жаңа оқу жылына дейін аяқтамақ ойда.